41
Ислам ғылымхалы
Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге
бөлінеді:
«Айн парыз». Әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп,
өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды
жеке өзі орындауға тиіс. Біреудің парызын басқа біреу
өтей алмайды. Намаз бен ораза секілді.
«Кифая парыз»: жалпы мұсылманға парыз бола
тұрса да, кейбір мұсылмандардың іске асыруы арқылы
барша мұсылманның мойнынан түсетін парыздар.
Алайда, ешкім орындамаса, барлық қоғам жауапты.
Мысалы, жаназа намазын оқығандай. Бір қалада кейбір
мұсылмандар қайтыс болған мұсылманның жаназа нама-
зын оқыса жетіп жатыр. Сол кезде қалған мұсылмандар
осы жауапкершіліктен құтылады. Бірақ, кифая парыздың
сауабы өтеген адамдарға ғана жазылады. Өтелмеген
жағдайда күнәсі барлық мұсылмандарға жазылады.
Парыздың өтелуінде зор сауап пен жақсылық бар.
Мойнындағы борышын өтемегендер ақырет азабын тар-
тады. Айта кететін бір жайт, кімде-кім парызды теріске
шығарып, парыздығын қабылдамаса, діннен шығады.
Алайда, парыз екенін мойындап, бірақ өтемесе, тек қана
мойнының борышы болып қалады. Яғни, мұсылман –
күнәкар деп есептелінеді.
2.Уәжіп
Уәжіп– орындалуыдәлпарыз секілді талап етілмеген,
бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен уази-
палар. Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын
оқу, т.б. Уәжіптің үкімі парызға ұқсас. Яғни, орындалса,
сауап алады. Іске асырмаса, ақыретте азап бар. Бірақ
сенім (и’тиқади) тұрғыдан алғанда уәжіп, парыз емес.