Previous Page  39 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 520 Next Page
Page Background

39

Ислам ғылымхалы

дәріні ішу ауруға қандай пайдалы болса, ғибадат ету

адам үшін сондай пайдалы. Бұл ақиқатты және бір мы-

салмен аша түсейік:

Бір сәтке ана құрсағындағы сәбидің ақыл, санасы

бар деп елестетіп көрейік. Тар құрсақтың ішінде жатқан

ол: «Осы мына көз, мұрын, қол дегендер не үшін керек?»

– деп ойлауы мүмкін. Оған біреу: «Бұлар саған басқа бір

әлемде керек болады. Көздеріңмен таңғажайып әлемді

тамашалайсың, мұрныңмен неше түрлі жұпар иістерді

сезесің» – десе, сәби бұған сенбеуі мүмкін. Құлағын да,

аяғын да, азығын кіндігі арқылы алғандықтан аузын да

жарамсыз деп табуы мүмкін. Ал, рақымы мол Аллаһ, сәби

қанша керексіз десе де, оған қажетті барлық мүшелерімен

дүниеге көзін аштырады.

Бұл өмірде бізді сынаққа салып, өлгеннен кейін ба-

ратын ақырет әлемінде жүзіміз жарқын болуы үшін не

істеп, не қою керек екенін Ұлы Жаратушы пайғамбары

мен Құраны арқылы білдірген.

Бұл сынақ кезінде, құрсақтағы сәби сияқты

ақылсыздыққа салынбай, намаз, ораза, зекет, қажылық

сияқты ғибадаттар мен парыздарды орындасақ, ақыретте

солардың жемісін жей аламыз. Олай етпесек, ақыреттегі

біздің жағдайымыз бұл өмірге аяқ-қолсыз, мұрынсыз, ау-

ызсыз келген сәбидің жағдайындай болатынын түсінуіміз

керек.

Әр бұйрықтан бас тарту – күнә екенін ескерсек, бұл

дүниеден ғибадат-құлшылықсыз өткен адам, ақыретке

күнәларын арқалап бармақ. Мұндай сапардың барып

тірелер жері – тек тозақ болмақ.

Олай болса, ақыл-есі орнында, саналы адамның

істері – санай берсе бітпес ырысын аямаған мейірімі мол