Previous Page  36 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 520 Next Page
Page Background

36

Ислам ғылымхалы

мазда қолыңды ханафи мәзһабы бойынша емес, біздікі

сияқты байла, құныт дұғасын олай емес, былай оқы» деу

сияқты маңызды емес түймедей мәселелерді түйедей

қылып, ала көзбен атып, «менің таңдаған көзқарасыммен

жүре қоймадың» деп, жүрегін ыза мен кекке бұқтыруы

қандай ағаттық десеңізші?! Құлшылықта негізгі мәселе

сыртқы формадан гөрі ішкі ықылас пен тереңдік екенін

ұмытпағынымыз абзал. Уақытымызды маңызсыз

нәрселерге кетірмей, тақуалыққа, көркем мінезді болуға,

Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат етуге, халқымыздың

иманына себеп болуға, жалпы Ислам әлемінің негізгі

мұқтаж нәрселеріне жұмсасақ қандай жақсы.

* * *

Жауапты һәм жауапкершілік

Ислам дінінде жауапты жан – Аллаһтың әмірлерін

орындап, тыйым салған нәрселерінен бойын аулақ

ұстаған адам. Ислами жауапкершіліктің белгілі шартта-

ры бар. Әуелі мұсылман болуы. Әлемді жоқтан жаратқан

Ұлы Жаратушыға иман ету керек. Сонымен қатар,

Оның періштелеріне, түсірген кітаптарына, жіберген

пайғамбарларына және қиямет күніне, тағдырға сеніп,

қайта тірілудің ақиқат екенін жүрекпен мойындап, тілмен

айту нұр үстіне нұр.

Жауапкершіліктің екінші шарты – адамның ақыл-есі

толық, саналы болуы керек.

Өзінің не істейтінін білетін, жақсы мен жамандықты

ажырата білетін адам. Сондықтан, ақыл-есі ауысқан адам-

дар ғибадат етуге міндетті емес. Бұл дүниеде жасаған