Previous Page  34 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 520 Next Page
Page Background

34

Ислам ғылымхалы

ша жария оқыған

12

. Міне, ғұламалардың арасындағы әр

түрлі көзқарас ұстануы мен мәзһаб ерекшелігі бір-біріне

деген сый-құрмет, ықыластарына кері әсерін тигізбеген.

Сондықтан біздер де ортақ мәселелерімізде бір-бірімізді

қолдап, әр түрлі келіспейтін мәселерде бір-бірімізге кең

түсінікпен қарай білуіміз қажет.

Бір мәселеге байланысты бір ғана хадисті оқып,

асығыс шешім қабылдауға болмайды. Мен бұл жайлы

сахих хадис оқығанмын, олай болса басқаша болуы

мүмкін емес деп, мұсылмандар арасында бүлік шығару

жөн емес. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оның оқыған

хадисін ғұламалар әр түрлі түсінуі мүмкін. Екіншіден,

пайғамбарымыздың (с.а.у.) ол мәселеге байланысты басқа

да хадистері болуы мүмкін. Мысалы, жұма намазының

сүннетіне байланысты хадисті алып көрелік.

Ибн Омар

пайғамбарымызбен бірге екі рәкат сүннет намазын

оқығанын риуаят етеді.

Ал бұл хадис Бухариде әрі

Муслимде бар. Осы хадисті оқып алып, жұма намазы-

нан кейін төрт рәкат сүннет оқуға болмайды деп оны

оқитындарға үзілді-кесілді қарсы шығуға болмайды.

Өйткені, Пайғамбарымыздың Әбу Хурайрадан риуаят

етілген мынандай сахих хадисі тағы бар:

«Кімде-кім

жұма намазын оқыса, артынан төрт рәкат (сүннет)

намаз оқысын».

Керек десеңіз, бұл хадис Муслимде

риуаят етілген.

Негізінде, Ислам мәселелері

«Муттафақун ‘алайһ»

,

«Мухтәлафунфиһ»

– деп екіге бөлінеді. Біріншісі – нақты,

бұлтартпас дәлелдермен дәлелденген, барлық Ислам

ғұламаларының бір көзқарастағы мәселелері. Мысалы,

12

Мәурәуи, әл-қаулус-садид. (Әбдул Желил Жандан, Мүслүман

Ве Мезһеб, 45-бет.)