Previous Page  40 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 520 Next Page
Page Background

40

Ислам ғылымхалы

Жаратушысының ақыретте де сондай ілтипатына бөлену

үшін оның әмірлеріне мойынсұнып, тыйымдарынан бас

тарту екені түсінікті ғой дей келе бір ғалымның ғибратты

да мағыналы сөзіне назар аударайық:

«Аллаһ Тағала сенің ғибадатың түгілі, тіпті еш

нәрсеге де мұқтаж емес.

Керісінше, сен ғибадатқа мұқтажсың, өйткені,

рухани науқассың.

Ал ғибадат болса– рухани дерттің дауасы»...

***

Жауапкердің міндеттері

Жауапкердің тиісті уазипалары фиқһ кітаптарында

сегізге бөлінеді:

1. Парыз

2. Уәжіп

3. Сүннет

4. Мұстахап

5. Мүбаһ

6. Харам

7. Мәкрүһ

8. Мүпсид

Осы сегіздің алғашқы бесеуін орындауы, соңғы

үшеуінен бойын аулақ ұстауы, яғни жасамауы – оның

уазипасы.

1. Парыз

Парыз – анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген

діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу,

намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру.