Previous Page  44 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 520 Next Page
Page Background

44

Ислам ғылымхалы

қара дауыл ұйтқып, аждаһадай алдына келгеннің бәрін

жалмап-жұтқан заманда, құндылықтар құнсызданып,

құнсыздар асылданып, адамдық қасиет аяққа тапта-

лып, күллі дүние шыр көбелек айналып, астаң-кестеңі

шығады. Құран бейне бір мұражайларға қойылғандай

үйдің қабырғаларымен керегелеріне ілініп, мұражайларға

қойылған заттың сыртына «қол тигізуге болмайды» – деп

жазылғандай, ешкімге, әсіресе, бүлдіршіндерге қолы

тисе тоқ ұратындай ұстауға қатаң тыйым салынып, өлінің

басында ғана тілі күрмелген қарияның үнінде түсініксіз

шала шығады. Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы атанған

Пайғамбардың (с.а.у.) есімі көптеген жүректерден өшіп,

сүннеттері жарыққа шықпай, екінің бірі оқи алмайтын

көне қолжазба кітаптарда қалады. Ораза мен намаз

секілді Ұлы Жаратушыға деген шүкір етудің нышаны

болған ғибадаттар алыстағы ауылдың кейбір сексен-

ге келген қаһарман қариялары ғана оқып, бейне бір

Ұлы Құдайға шүкір ету, қарттарға ғана тән іс-әрекет

көрінеді. Ілуде жас жігіт намаз оқи қалса, қаңыраған қара

шаңырақта «атынан айрылып, қанатынан қайрылып»,

тұяқсыз атанып, жақында кемпірі де өліп, жалғыз қалып

жабығып, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде қалған қара

шалдың қылығын жасап жатқандай оқыс көріп, үрке

қарап, заманауи талапқа теріс келді деп, бір түнде жын

жабысып, есі ауысқан адамдай төмен, кертартпа деп елге

жат санап, шеттелген бір заманда

15

бір мұсылманның:

15

Басқа бір хадисте те дәл осы мәселені толықтырады: «(Селдей

асып тасыған) бүліктер болады. Сол күні адам намазы үшін

айыпталады. Бүгінгінің әйелі зина жасағаны үшін айыпталғаны

тәрізді».