42
Ислам ғылымхалы
Уәжіпті теріске шығарған адам діннен шықпайды. Бірақ
діндегі бір әмірді теріске шығарғаны үшін үлкен күнәға
батады.
3. Сүннет
Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуы-
на ризалығын білдірген іс-әрекеттер. Сүннет үшке
бөлінеді:
1. Мүәккәд сүннет (бекітілген сүннет)
2. Ғайру мүәккәд сүннет (бекітілмеген сүннет)
3. Зәуәид сүннет (артық сүннет)
Әуелгісі – мүәккәд сүннет, Пайғамбарымыздың
әрдайым жасап, ілуде жасамаған сүннеттері. Таң, бесін,
ақшам намаздарының сүннеттері тәрізді. Осы сүннеттерді
іске асырған сауап алады. Орындамаған адамға жаза
берілмесе де, айыпталады.
Екіншісі, ғайру мүәккәд сүннет. Пайғамбарымыздың
кейде жасап, кейде жасамаған сүннеттері. Намаздыгердің
алғашқы сүннеттеріндей. Бұл сүннетті «мәндүп»
яки «мұстахап» деп атағандар да бар. Осыған кірген
сүннеттерді іске асырған сауап. Орындамағанға күнә
жоқ.
Ақырғысы – зәуәид сүннет, Аллаһ Елшісінің
күнделікті іс-әрекеті мен әдептіліктері. Мысалы, әрбір
істі оң жақтан бастауы, отыруы, тұруы, киім киюі. Бұл
сүннетті Пайғамбарымызға сүйіспеншілік үшін орында-
са – сауап. Жасамағанға күнә жоқ.
Сүннеттің парыз секілді «айн» мен «кифая»
бөлімдері де бар. Мысалы, рамазан айының соңғы он
күнінде «иғтиқаф» жасау, тарауих намазында хатым