Previous Page  29 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 520 Next Page
Page Background

29

Ислам ғылымхалы

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәретін жаңаламастан намаз

оқығаны айтылады

10

.

Ал Шафиғилар болса, аяттағы тию мағынасын

білдіретін «ләмс» сөзінің астарлы мағынада емес, тілдегі

негізгі мағынасында қолданылды деген көзқарасты

таңдағандықтан, ер кісінің әйеліне яки басқа әйелдерге

қолы немесе кез-келген денесі киімсіз жалаң күйде

тиген жағдайда дәреті бұзылады (анасы, қызы сияқты

үйленуіне болмайтын адамдарға тисе дәреті бұзылмайды).

Ханафилардың дәлел ретінде келтірген хадисіне былай

деп жауап береді: «Пайғамбарымыз әйеліне қолын яки

басқа денесін тигізгеннен кейін дәретін жаңаламаса,

әйелінің денесіне емес, киіміне тигізген шығар».

Екі мәзһабтың да көзқарастары дәлелдерге

сүйенгендіктен екеуі де дұрыс.

ә) Бір сөздің астарлы мағынасынан тыс негізгі

бірнеше мағынасының болуы:

Аяттардағы бір сөздің

бірнеше мағынаны білдіруі де бір мәселеде мәзһабтар

арасында әр түрлі көзқарастардың туындауына себеп

болған.

б) Аятта анық белгілеудің, шектеудің болма-

уы:

Аятта істелінетін істің толық белгіленіп, шектеу

қойылмауына байланысты бір мәселеде мәзһабтар ара-

сында әр түрлі көзқарастар пайда болған. Мысалы, басқа

мәсіх тартуды немесе шашты сулап сипауды әмір еткен

«Маида» сүресінің 6-аяты:

«Ей, иман еткендер! Намазға

тұрарда жүздеріңді және қолдарыңдышынтаққа дейін

жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі

тобыққа дейін жуыңдар»

– дейді. Бұл аятта басқа мәсіх

тартудың көлемі нақты белгіленгендіктен, Шафиғиларда

10

Бухари, Хайз/24.