27
Ислам ғылымхалы
Аллаһ Тағала:
«Сендерді мал-мүлкің мен дүниелерің
қабірге (өлгенге) барғанға дейін көз жауын алып
(жалғандығы шындықтай көрініп) алдандырды»
,
– дейді. Яғни, малым, дүнием күймесін деп жүргенде
өмірдің өтіп, қабірге түскендеріңді білмей қалдыңдар.
Сонда ғана бұрылып қарадыңдар. Бірақ арттағы күйреген
ғұмырларыңнан күйген күлше де таба алмай, қайраңдағы
балықтай қалқып қала бердіңдер.
Бірақ алып тұлға Имам Ағзам Әбу Ханифа қашан да
ғұмырымен қоса бар мал-мүлкін бұл дүние мен ақырет
үшін жұмсап, келер ұрпаққа өшпес жол қалдырды.
Абайдың «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған?!» дегені де осындай дара
тұлғаларға арналғандығы сөзсіз.
Аллаһ Тағала бәрімізге Исламның ақ жолынан ада-
спай жүруді нәсіп етсін! Әмин!
* * *
Мәзһабтар арасындағы айырмашылық
себептері
Мәзһабтар арасындағы айырмашылықтар негізгі
мәселелерден тыс шариғат тармақтарында кездеседі.
Мысалы, намаздың, оразаның, зекет, т.б. міндеттердің
парыздығында, тіпті намаздың тәкбір, қиям, рүкүғ,
сәжде, ақырғы отырыс және жалпы рәкат сандары сияқты
негізгі бөлімдерінде барлық мәзһабтар ортақ көзқараста.
Ал намазда «Фатиха» сүресін оқудың парыз яки уәжіп
болуы сияқты тармақ мәселелерде айырмашылықтардың
туындауының өзіндік әр түрлі себептері бар. Бұл
себептердің бәрін бұл жерде толықтай қамтып, жазудың