33
Ислам ғылымхалы
талқыладық. Демек, дініміздегі тармақталған ішкі
мәселелерде әр түрлі көзқарастардың тууы табиғи
нәрсе. Тіпті, періштелерде де әр түрлі көзқарастар
болған. Мысалы, Бұхари, Муслим тәрізді хадис
кітаптарында білдірілгеніндей, рақым періштелері
мен азап періштелерінің жүз кісіні өлтірген кісінің
тәубесінің қабыл болып-болмауына байланысты та-
ласулары періштелердің де кейде түрлі көзқараста
болатындықтарын білдіруде. Бухари мен Муслим сияқты
үлкен хадис ғұламаларының өзі хадисті қабылдау шарт-
тарында әр түрлі көзқараста болған. Адам бар жерде әр
түрлі көзқарастың болатыны заңдылық. Әр адам – жеке
бір әлем. Оның ойлау қабілеті, түсіну дәрежесі – бәрі-
бәрі бөлек болмақ.
Сахабалардың да одан кейін келген табиғиндардың
да арасында діннің кейбір мәселелерінде әр түрлі
көзқарастар болмай тұрмайтын. Мысалы, олардың ара-
сында пайғамбарымыздың (с.а.у.) миғражқа рухымен бе,
жоқ әлде, рухымен қоса тәнімен шыққандығы, ол жерде
Аллаһ Тағаланы көріп-көрмеуіне байланысты әр түрлі
көзқарастар бар болатын. Бірақ бұл әр түрлі көзқарастар
олардың бірліктері мен ынтымақтарына зәредей де кері
әсерін тигізбейтін. Кейінгі мәзһаб ғұламалары да бір-
бірін қатты сыйлаған. Мысалы, ханафи ғұламасы әл-Қади
Әбу УсамШафиғи ғалымы Қаффалдың мешітіне барады.
Әбу Усамды көрген Қаффал муәззинге азанды ханафи
мәзһабы бойынша оқылуын тапсырады. Әбу Усам намаз
оқытады. Бірақ өзі ханафи мәзһабын ұстанатындығына
да қарамастан «бисмиллаһты» шафиғи мәзһабы бойын-