Previous Page  32 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 520 Next Page
Page Background

32

Ислам ғылымхалы

уақыты жолда кірді. Сөйтіп кейбіреуі: «Намазды бар-

майынша оқымаймыз» – десе, енді біреулері: «Жоқ,

керісінші оқимыз. Өйткені, пайғамбарымыз бізге бұны

айтқысы келмеді деді. (яғни, тезірек бәни құрайзаға бару-

ымызды қалады). Кейіннен бұл жағдай пайғамбарымызға

білдірілген уақытта олардың ешқайсысын кінәлаған

жоқ»

11

.

5. Имамдардың хадис іліміндегі дәрежелерінің

әр түрлі болуы.

6. Хадис дәрежелерін белгілеудегі тәсілдердің әр

түрлі болуы.

7. Аят-хадистерді түсінуде имам дәрежелерінің

әр түрлі болуы.

8. Кейбір білдірілген хадис үкімдерінің күші жой-

ылып (мәнсұх болып), орнына жаңа насих үкімдер

келген.

Осындай хадистердің, хадисте білдірілген

оқиғалардың қайсысының бұрын, қайсысының кейін

болғанын, яғни, насих пен мәнсұх хадистерді бір-бірінен

ажыратуда ғұламалардың бір көзқараста болмауы – әр

түрлі мәзһабтардың шығуына түрткі болған.

Аят, хадистерден тыс басқа себептер

1. Үкімдерде әдет-ғұрыптың әсері.

2. Сахаба пәтуаларының негізге алынып-

алынбауына байланысты.

3. Пәтуа шығару тәсілдерінің, ережелерінің әр

қилы болуы.

Жоғарыда мәзһабтардың бір мәселеде әр түрлі

көзқараста болуының негізгі себептерін қысқаша

11

Хадисті ибн Омар риуаят етті. Бухари, Муслим.