22
Ислам ғылымхалы
– Сен мені мазақ еткің келе ме? – деді.
– Жоқ, мазақ еткені несі. Сенбесеңіз, біреуді
шақырып бағасын сұраңыз, – деді. Әйел жөн білетін
біреуді шақырып, матаның қанша тұратынын сұрап білді.
Сөйтіп, Әбу Ханифа матаны жүз емес бес жүзге сатып
алды.
Ол дүниені ойлап, өзгелердің аңғалдығын пайда-
ланбайтын. Өз пайдасын қалай қорғаса, өзгелердікін де
солай қорғаштайтын. Кедейлерге мейлінше көмектесуге
тырысты.
Әбу Ханифа харамнан барынша сақ еді. Егер бір
нәрседен шүбәланса, заттарын дереу садақаға таратып
жіберетін. Бірде серіктесі Хафыс ибн Абдуррахманға
заттарын тапсырып, сатуға жіберді. Заттарының ара-
сында бір киімде ақау бар екенін ескертіп, осы киімді
сатқанда, кем жерін айт деді. Серіктесі киімдерді сатуын
сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертпені мүлдем ұмытып
кетеді. Алған адамның кім екені де есінде қалмаған.
Кейін осы мәселені Әбу Ханифа білгенде, сол заттардан
түскен барлық қаржыны садақа ғып таратты.
Сондықтан дәулетінде береке бар еді. Ғалымдардың
тұрмыс жағдайларына көп көмектесті. Жылдың
соңында табысынан артылған ақшаларды ілім жолында
жүргендерге таратып: «Мына қаражатты керекті жерге
жұмсаңдар. Бірақ Аллаһ Тағалаға шүкір етіңдер, өйткені,
бұл дәулет менікі емес, Аллаһтың рақым етіп, менің
қолым арқылы сендерге жіберген несібесі»
8
– дейтін.
Әбу Ханифа өмірінің 52 жылын Омияттар зама-
нында, 18 жылын Аббаситтер дәуірінде өткізді. Бұл
екі династия Пайғамбарымыздың ұрпақтарын жақсы
8
а.а.е.