20
Ислам ғылымхалы
– Жоқ, христиан емес.
– Пұтқа табынушы ма?
– Жоқ.
– Сонда қай ұлттан?
– Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның құлы
және Елшісі деген үмбеттен.
– Шәһадат кәлимасы иманның үште, төртте яки
бесте бірі ме?
– Иманның ондай үште, төртте, бесте бірі болмай-
ды. Ол бөлінбейді.
– Иманның қаншасы сонда?
– Тұтасы.
– Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың
мұсылман екенін айттыңдар.
– Сен мұны қоя тұр. Олар жаннаттық па, әлде
жаһаннамдық па?
– Айтарым: Хазіреті Ибраһим осы екеуінің
күнәсынан әлдеқайда үлкен күнә жасаған елі үшін Аллаһ
Тағалаға былай деп дұға етті:
«Маған ілескендер менен.
Маған қарсы шыққандарға: «Сен кешірімшіл және
рақымдысың»...
Сол сияқты Хазіреті Исаның ойы да
осы орайдан шыққан:
«Егер азап етсең, олар Сенің
құлдарың, егер кешірсең, Әзиз және Хәким Сенсің»
.
Менде иман еткендерді қуатын күш жоқ. Осы кезде ха-
рижиттер қаруларын тастады
7
.
Әбу Ханифа өскенде кәламнан фиқһ саласына көшті.
Фиқһқа ауысуы жайында түрлі көзқарастар бар. Ол
ұстазы көз жұмғанша қасында болған. Өзі былай дейді:
«Бірде Басра қаласына келдім. Онда жұрттың кез-
келген сұрағына мүдірмей жауап беремін деп ойладым.
7
Мухаммед Әбу Зәһра. Әбу Ханифа, Станбул. 1966. 10-15.