115
Оқылуы:
Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-
л-ахирати хәсәнәтән уа қина азааба-н-нәәри, уә
иғфир ләнә уә ли-уәәлидәйнә уә уәәлиди уәәлидәйнә уә
зүррийәтинә уә ихуәәнинә уә әһлиинә уә-л-хаадыриина
уә-л-ғааіибиинә мин-әл-мүслимиинә әжмағиинә, би-
рәхмәтикә йә әрхәмә-р-рәәхимиинә, салла Аллаһу
ғала сейидинә Мүхәммәдин уә ғалә әәлиһи уа сахбиһи
әжмағиинә.
Мағынасы:
Жаратқан Иеміз! Бізді Бұ дүниеден жақсылықпен
өткіз, О дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді
тозақ отының азабынан сақтай гөр!
Бізге, әке-шешемізге, ата-бабамызға, ұрпағымызға,
туған-туысқандарымызға, отбасымызға, Бұ дүниеде
бар және марқұм болған барша мұсылмандарға
рақымшылық жасап, кешіре гөр.
Сен – рақымшылардың ең Ұлығысың!
Мұхаммед пайғамбарымызға, оның әулетіне,
барлық сахабаларына Алланың шапағаты жаусын!
Арафат дұғасын оқып, Алла тағалаға кешірім
сұрап жалбарынған қажы бар күнәларынан тазарып,
жаңа өмірге аяқ басқанын сезінеді. Күн батқасын олар
Мүздәлифаға бет алады.