Previous Page  121 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 216 Next Page
Page Background

121

Рәми-л-жамрат

Рәми-л-жамрат – тас лақтыру салты.

Минада

Алла тағаланың лағнетіне ұшыраған Ібіліс шайтанды

меңзейтін үш тас үйіндісі бар, тас үйіндісін жамрат деп

атайды. Үш жамраттың өз атаулары бар: әл-Жамрат әл-

сұғрә («Кіші

жамрат»), әл-Жамрат әл-уста («Ортаңғы

жамрат») және әл-Жамрат әл-ақаба («Соңғы жамрат»).

Таң атқанда Минаға келген қажы әл-Жамрат

әл-

ақабаға жеті тас лақтырады. Тас бұршақтың дәніндей,

аса ірі болмау керек. Тасты жуып, тазалауға болмайды.

Тастың орнына топырақ не темір лақтыруға болмайды.

Тас лақтырғанда бөтен адамға тиіп кетпеуін қадағалау

керек. Жеті тасты бір мезгілде лақтыру қажет. Әр тасты

лақтырған сайын «Аллаһу әкбәр» деп тәкбир айтады.

Міне, осы кезден құрбан айты басталады.

Сондықтан Зү-л-хижжа айының

10-күнін «йәуму-н-

нахр» («Құрбандық шалатын күн») деп

атайды.