122
Қажылық
Құрбан айты
Құрбан айты – мұсылмандардың ең үлкен мейра-
мы. Сондықтан арабтар Құрбан айтын «ғиду-л-адха»
немесе «әл-ғиду-л-кәбир» («үлкен мейрам») десе, ораза
айтын «әл-ғиду-с-сағир» («кіші мейрам») дейді.
Құрбандыққа шалынатын мал қой, не сиыр, не
түйе болуы мүмкін. Егер құрбандыққа шалатын мал-
ды сатып алуға қажының шамасы жетпесе, онда ол
қажылық кезінде үш күн ораза ұстайды, сосын елге
қайтқасын тағы да жеті күн ораза ұстап жалғастырады,
немесе алты мүсәпірді тамақтандырады.
Құрбандық шалатын қажы құбыла жаққа
қарап, «Салат ала-н-нәби» дұғасын оқиды:
Оқылуы:
Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр, Аллаһу
әкбәр.би-исми-
л-лаһи-р-рахмани-р-рахиим,
Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр. әт-
тәхийәт ли-л-лаһи уа-с-салауаат уа-т-тайибаат.
әс-сәләмү ғалейкә әййуһә-н-нәби рәхмәтү-л-ла уә
бәрәкәәтүһү, әс-сәләмү ғалейнә уа ғала ғибәәду-л-лаһи-
с-саалихиинә. әшһәдү ән лә илаһа илла-л-ла уә әшһәдү
әннә Мүхәммәдән абдуһу уә рәсүлуһә.