128
Қажылық
Сен – қайырымдылардың ең Ұлығысың!
Сосын 150 метр жерде тұрған Ортаңғы жамратқа
барып, оған да 7 тас лақтырады. Одан кейін Ортаңғы
жамраттан 275 метр жердегі әл-Жамрат әл-ақабаға
келіп, оған да 7 тас лақтырады. Келесі күні де, яғни
Зү-л-хижжә айының 12-күні де түстен кейін осы іс-
әрекеттерді қайталап, үш жамратқа тас лақтырады.
Зү-л-хижжә айының 13-күні алғашқы екі күнде
адамдардың көптігінен «рәми-л-жамрат» діни жорала-
рын орындауға үлгере алмаған қажылар үш жамратқа
тас лақтырады.
Сонымен ең соңғы жамратқа тас лақтырғаннан
кейін қажы артына бұрылып қарамай, адамдарға
соғыспай, бірден Меккеге бет алады.
«Рәми-л-жамрат» әдет-ғұрпын орындағанда қажы
өз жанын шайтанның арбауынан азат етеді. Әр тасты
лақтырған сайын ол өзінен шайтанды алыстатады.
Сондықтан қажы үш жамратқа тас лақтырып, күнәдан
тазарып, шайтанды жеңеді.
Зү-л-хижжә айының 14-күні қажылықтың барлық
әдет-ғұрыптары аяқталады. Мұсылман қажы атанады.
Мекке мүкәррәмнан кетер алдында қажы әл-
Мәсжид әл-Хәрәмға келіп, «тауаф әл-уадағ», яғни
«қоштасу тауафын» орындайды.