125
әл-Мәсжид әл-Хәрәмда қажы «тауаф әл-ифада»
(«қосымша тауаф») әдет-ғұрпын орындайды. Тауаф
әл-ифада алғашқы тауаф әл-құдым секілді қасиетті әл-
Кағбаны жеті рет айналатын діни жора. Алайда тауаф
әл-құдымға қарағанда, әл-Кағбаны қалыпты жүріспен
жеті рет айналады. Сосын Алла тағалаға шүкіршілік
етіп, зәмзәм суын ішеді.
Егер қажы Зү-л-хижжа айының 8-күніне дейін тау-
аф әл-құдұм мен сағи діни жораларын жасамаған бол-
са, онда ол сағи рәсімін орындайды.
Әййәм әт-тәшриқ
Әййәм әт-тәшриқ - Құрбан айты басталғаннан
кейінгі үш күн. «Әййәм әт-тәшриқ» сөз тіркесі
«Етті күнге қақтайтын күндер» деген мағына береді,
яғни бұл күндері кұрбандыққа шалынған малдың
еті қақталып кептіріледі. Зү-л-хижжа айының 11-13
күндеріне сәйкес келетін Әййәм әт-тәшриқ - қажы-
лықтан күнделікті тіршілікке өтетін күндер.
Зү-л-хижжә айының 11-күні түстен кешке дейін
қажылар Минадағы үш жамратқа тас лақтырады. Ал-
дымен қажы Кіші жамратқа 7 тас лақтырады. Әрбір
тасты лақтырғанда «
Аллаһу әкбәр
» деп тәкбир айтыла-
ды. Сосын кұбыла жаққа қарап, сүбхана Алла тағалаға
мақтау айтып, «
Лә илаһа илла-л-ла
» деп тәһліл айтып,
мына дұғаны оқиды: