Previous Page  130 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 216 Next Page
Page Background

130

Қажылық

л-муқиимиинә фи бәррикә уә бәхрикә мин үммәти

Мүхәммәдин әжмағиинә.

Мағынасы:

«Шындығында, Саған (Мұхаммед пайғамбар

(

с.а.с.

)) Құранды міндет қылған (Алла тағала) Сені

қайтар жеріңе (Меккеге) қайтарады» (

«әл-Қасас»

сүресінің 85-аяты

).

Иә, Қайтарушы! Қайтар мені. Иә, Бәрін де

Тыңдаушы! Тыңда мені.

Иә, Құдіретті! Күш-қуат бер. Иә, Кешіруші! Қорға

мені.

Иә, Қайырымды! Рақымды бол маған. Иә,

Қайтарушы! Қайтар мені осы Үйіңе.

Қайтуға рызық бер маған, сосын қайта-қайта осы

жерге оралуға нәсіп ет.

Кешірім сұраушылар, құлшылық етушілер

Жаратқан Иемізге мақтау айтады.

Алла уәдесін орындады, құлын қорғады, әл-

Әхзәбті (Мәдина қаласы үшін шайқаста Мұхаммед

пайғамбарымызға (

с.а.с.

) қарсы шыққан тайпалар

одағы) жеңді.

Иә, Алла! Бізге, қажылық жасаған құлдарыңа,

келушілерге, жолаушыларға, құрлықта да, теңізде де

мекен етушілерге, Мұхаммед үмбетінің барлығына

тыныштық, жақсылық, құт-береке бер.