124
Қажылық
Мағынасы:
Иә, Алла! Ибраһим мен оның әулетіне
ризалығыңды білдіргендей, Мұхаммед пен оның
әулетіне ризалығыңды білдір.
Ибраһим мен оның бүкіл әлемдегі әулетіне бере-
ке бергендей, Мұхаммед пен оның әулетіне де береке
бар.
Сен мәңгілік мақтауымсың.
Осы дұғаларды оқып болғасын, қажы сүбхана
Алла тағаладан құрбандыққа шалынатын малды қабыл
алуын сұрайды:
Оқылуы:
Би-исми-л-лаһи уә Аллаһу әкбәр, аллаһумма һәзә
минкә уә ләкә,
Аллаһумма тақаббәл миннии.
Мағынасы:
Алла атыменен. Алла – Ұлы!
Иә, Жаратқан Ием! Бұл (малды) Саған арнадым.
Менен қабыл ал.
Қажылар құрбандыққа шалынған малдың
етін үштен бірін пайдаланып, қалғанын қайыршы-
мүсәпірлерге үлестіріп береді. Зү-л-хижжа айының
10-13 күндер аралығында сойылған мал құрбандыққа
шалынған болып есептеледі.
Содан кейін қажылар шаштарын алады, не
қысқартады. Қажы әйел шашының бұрымын саусақтың
еліндей қысқартады. Қиылған шаштарды Минада жер-
ге көміп тастайды. Міне, осыдан бастап ихрам кезінде
тыйым салынған барлық іс-әрекеттер қайтадан рұқсат
етіледі. Қажылар ихрам хал-күйінен шығып, Меккеге
келеді.