Previous Page  120 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 216 Next Page
Page Background

120

Қажылық

Иә, Құдайымыз! Адал болуымыз үшін бізді жөнге

сал, бізбен бол, бізді тастама.

Бұ дүниеде бізге тақуалы имандылардың тір-

шілігін бер.

Бұ дүниеден Саған құлшылық еткен мұсылмандар

етіп өткіз.

Қасиетті кітабыңа иман келтірдік.

Қиямет күні бізді имандылар санатына қос.

Иә, Алла! Сенің мейірімді жүзіңе қарауға

қайырымдылығыңмен нәсіп ет.

Сен – қайырымдылардың ең Ұлығысың!

Қажы «әл-Машғар әл-Хәрәмнан» 7 тас теріп алады.

Содан күн шықпай тұрып қажылар «рәми-л-жамрат»

діни жораны орындау үшін Минаға бет алады.

«Мүхәссір» аңғарынан өтіп бара жатқанда

оқылатын дұға:

Оқылуы:

Аллаһумма лә тақтулнә би-ғадабикә уә лә тәһликнә

би-азаабикә

уә ғаафинә қаблә зәликә ағуузу би-Аллаһи-с-

самииғи-л-ғалиими мин-әш-шәйтаани-р-рәжиим.

Мағынасы:

Иә, Алла! Бізді ашуыңмен жазалама, азаптап

қинама.

Бізге жеккөрінішпен қарама.

Бәрін де Естуші, Білуші Алладан қарғыс атқан

шайтанның арбауынан сақтауды сұраймыз.