28
Қажылық
Мағынасы:
О, Алла! Бұл үй – сенің үйің,
Бұл хәрәм (кәпірлерге кіруге тыйым салынған жер)
– сенің хәрәмің.
Қауіпсіздік те сенен, тек саған ғана құлмыз, Мен
сенің құлыңмын және құлыңның баласымын.
Бұл – тозақ отынан құтқаруға Сенен пана сұраған
мақам (Ибраһим пайғамбардың (
ғ.с.
) аяғы басқан
жері).
Тәнімізге тыйым сал, тозақ отына шалдырма.
Иә, Алла! Бізді иманды қыл, иманды жүрегімізге
ұялат. Кәпірлікті жексұрын қыл, жаман қылықтардан,
бүлікшіліктен арылт.
Салиқалылардың қатарына қос. Иә, Алла!
Құлшылық еткендерді тексерген күні азабыңа
ұшыратпа. Иә, Алла! Жәннәттың рызығын хисапсыз
(мөлшерсіз) бере гөр!
Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас»
бұрышы арасында оқылатын дұға:
Оқылуы:
Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-л-
ахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әл-
жәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббә-л-
ғааламиина.