Previous Page  24 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 216 Next Page
Page Background

24

Қажылық

Сонымен тауаф әл-құдым қасиетті Қара тасты

сүюден, яғни тақбилден басталады. Ал егер қажылар-

дың көптігінен Қара тасты сүю мүмкін болмаса, онда

Қара тасқа қарап, алақандарды тигізуге ишарат қылып,

сосын қолдарын еріндеріне тигізеді, оны «истиләм»

дейді. Одан кейін былай деп айтады:

Оқылуы:

Би-исми-л-лаһи уа аллаһу әкбәр, аллаһумма

имәәнән бикә уа тасдииқан би-китәәбикә, уә уәфә-ән

би-аһдикә уә иттибә-ан ли-сүннәти нәбийикә салла-л-

лаһу ғалейһи уә сәлләмә.

Мағынасы:

Алла атымен, Алла - ұлы. Иә, Алла! Мен Саған

иман келтірдім, кітабыңа сендім.

Уәдеңе нандым, пайғамбарыңның (

салла-л-лаһу

ғалейһи уә сәлләмә

) сүннет жолын ұстадым.

Қара тасты сүю, яғни тақбил рәсімі аяқталған соң,

соның жанынан әл-Кағбаны айналу рәсімі бастала-

ды. әл-Кағбаны сағат тіліне қарсы айналады, Қара тас

тауаф жасаушының сол жағында болады. Бір айналыс

Қара тастан басталып, Қара таспен аяқталады. Әрбір

айналымда әл-Кағбаның Йемен бұрышына келгенде,

қажы «Аллаһу әкбәр» деп бұрышқа оң қолды тигізеді,

бірақ бұрышты не қолды сүймейді. Егер Йемен

бұрышына қол тигізу адамдардың көптігінен мүмкін