Previous Page  20 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 216 Next Page
Page Background

20

Қажылық

Жыл сайын Зү-л-хижжә айының 9-күні әл-Кағбаға

жаңа жапқыш – кисуә жабады. Кисуә – әл-Кағбаның

қабырғаларын жабу үшін жібектен тоқылған қара мата.

Кисуәда

«Лә иләһә илла-л-ла, Мүхәммәд рәсүлу-л-ла»

(«Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – Алланың

елшісі»),

«Аллаһу жилл жәләлә»

(«Құдіретті де күшті

Алла»),

«Сүбхана-л-ла уә би-хәмдиһи»

(«Аллаға мақтау

мен

мадақ»),

«Сүбхәнә-л-лаһу-л-азым»

(«Зор мәртебелі

Аллаға мақтау») деген қасиетті жазулар бар.

Кисуәнің биіктігі – 14 метр. Осы биіктіктің

жоғарғы үштен бір бөлігінде Кисуәнің белдігі – хизәм

орналасқан. Хизәмнің ені 95 см, ұзындығы 47 метр, ол

16 бөлімнен тұрады. Хизәмда алтын жалатылған күміс

жіппен Құран кәрімнің қысқа сүрелері жазылған.

Хизәмнің астында 6 жолақ бар, олардың

әрқайсында да алтын әріппен Құран аяттары

жазылған. Жолақтардың арасында фонарь пішіндес

Қара тас

Қағба есігі