17
әл-Кағба
әл-Кағба әл-Мүшрифа – әл-Мәсжид әл-Хәрәмнің
дәл төрінде орналасқан. әл-Кағба – сүбхана Алла
тағаланың Жер бетіндегі алғашқы үйі. Ол туралы
Құран кәрімдегі «Әл Имран» сүресінің 96-аятында бы-
лай делінген: «Шындығында, адамдар құлшылық ету
үшін салынған алғашқы Үй – Беккеде (Меккенің көне
аты). Ол берекелі және ғаламдардағы ақиқат жолды
көрсетуге қызмет етеді».
әл-Кағба тарихының қалай басталғаны бір Алла
тағаланың өзіне мәлім. Ол жайында бізге бірнеше де-
ректер жеткен.
Бірінші дерек
– сүбхана Алла тағала
ең алдымен
Үй салып, екі мың жылдан кейін Жерді жаратты. Сол
Жерді Үйдің астына айналдырып әкелген дейді.
Екінші дерек
– Адам Ата (
ғалейһи-с-сәләм
)
жаратылғанға дейін сүбхана Алла тағала періштелерге
Үй салуға әмір берген екен. Періштелер Үйді жәннәттің