23
Тауаф
Тауаф – қажылықтың негізгі бөлігінің бірі. Ол әл-
Кағбаны жеті рет айналатын салт дәстүр.
Тауаф – арабтың «айналу» деген сөзі. Қажылық
кезінде қажы бұл әдет-ғұрыпты үш рет орындайды:
Қажылықтың басында орындалатын тауафты - тауаф
әл-құдым дейді, Құрбан айтының бірінші күні орын-
далатынды тауаф әл-ифада, ал қажы атанып, Меккемен
қоштасып елге қайтар кезде орындайтынды тауаф әл-
уадағ дейді.
Тауаф әл-құдымның негізгі мақсаты – әл-Мәсжид
әл-Хәрәм мен әл-Кағбаға сәлем беру, сондықтан оны
кейде «тауаф әт-тәхия» «сәлем беру тауафы» деп те
атайды. Тауаф әл-құдымды Меккеге келгеннен кейін
кез-келген уақытта орындауға болады. Тауаф кезінде
ихрам киімінің рида кесегін сол иыққа жауып алады.
Оң иық ашық болуы тиіс.