Previous Page  19 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 216 Next Page
Page Background

19

тастары бес таудан - Синай, Ливан, Елеон, Жуди

(Нұх пайғамбардың (

ғ.с.

) кемесі тоқтаған тау), Нұрдан

(Мұхаммед пайғамбарға (

с.а.с.

) Алла тағаланың уахи

сөздері алғаш жеткен тау) әкелінген.

Бесінші дерек

– Нұх пайғамбар (

ғ.с.

) кезінде

Жер бетін топан су қаптап, Алланың алғашқы үйінің

ірге тасын шайып кеткен екен. Содан сүбхана Алла

тағала Ибраһим пайғамбар мен оның ұлы Исмайылға

(

ғалейһима-с-сәләм

) әл-Кағбаның ірге тасын көтеруге

Жәбірейіл періште арқылы әмір жіберген екен. Ол

жайында Құран кәрімдегі «әл-Бақара» сүресінің 127-

аятында былай делінген: «Ибраһим Үйдің ірге тасын

көтергенде Исмайыл: «О, Жаратқан Иеміз! Бізден қабыл

ал, өйткені Сен – бәрін естисің, білесің» деді».

Сонымен әл-Кағба дегеніміз төрт бұрышты тас

ғимарат. «Кағба» – араб сөзі, текше (куб) деген мағына

береді.

әл-Кағбаның төрт бұрышы төрт жақты көрсетеді.

Шығыс бұрышты «әр-рүкн әл-әсуәд» («қара

бұрыш») деп атайды, өйткені, ол бұрышта қасиетті

Қара тас бар. Қара тас күміспен жиектелген, жерден бір

жарым метр биіктікте орналасқан.

Діни аңыздар бойынша Алла тағала жұмақтан

қуылған Адам Атаға (

ғ.с.

) күнәсін мойындағаны үшін

осы тасты сыйға тартқан. Алғашқы кезде оның түсі ақ

болды. Кейін күнәлілар ұстаған тас қарайып кетеді.

Солтүстік бұрышты «әр-рүкн ал-ирақи» («Ирақ

бұрышы»), батысты көрсететін бұрышты «әр-рүкн

әш-шәми» («Шам елі бұрышы»), ал оңтүстік жақты

меңзейтін бұрышты «әр-рүкн әл-йәмәни» («Йемен

бұрышы») деп атайды.