Previous Page  18 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 216 Next Page
Page Background

18

Қажылық

асыл тастары – қызыл түсті лағылдан тұрғызыпты.

Алайда, ол тастардың ішінен бізге жеткені Қара тас

қана. Адамдар күнәға батқаннан кейін жәннәттің бұл

тасы қара түске айналған. Қара тас – бақыт әкеледі,

сондықтан қажыға барған мұсылмандар бұл қасиетті

Қара тасты сүйеді.

Үшінші дерек

– Адам Ата мен Һауа Ана жәннәтта

өмір сүріпті. Сүбхана Алла тағала оларға тек бір

ағаштың жемісін жеуге тыйым салады. Алайда, Ібіліс

шайтанның арбауына түскен Адам Ата мен Һауа Ана

жемісті жеп, Алла тағаланың қаһарына ұшырайды.

Адам Ата Жаратқан Иеге жалбарынып, кешірім

сұрайды. Алла тағала Адам Ата мен Һауа Ананы Жерге

түсіріп, оларға және ұрпақтарына күнәларын кешіретін,

құлшылық ететін Үйді тұрғызады.

Төртінші дерек

– Адам Ата (

ғ.с.

) қайтыс болғаннан

кейін оның ұлы Шис әл-Кағбаны салды. Ғимараттың

1 - Қара тас

2 - Қағба есігі

3 - әл-Мизәб (жаңбыр суы

ағатын түтік)

4 - әш-Шазаруан (Қағбаның

ірге тасы)

5 - Хажар Исмайыл (әл-Хатым)

6 - әл-Мүлтәзәм

7 - Ибраһим мақамы

8 - Қара тас бұрышы

9 - Йемен бұрышы

10 - Шам бұрышы

11 - Ирақ бұрышы

12 - Қағбаның ситары

13 - Хизам (Қағбаның белдігі)

14 - Тауафтың басталатын

жерін көрсететін жолақ

әл-Кағбаның басты белгілері