Previous Page  21 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 216 Next Page
Page Background

21

оюлар салынған. Оюларда

«Йә хәй йә қайум»

(«Иә,

Өмір беруші! Иә, Мәңгілік жасаушы!),

«Иә рәхмән йә

рахим»

(«Иә, Қайырымды! Иә, Рақымды!»)

«әл-Хәмду

лилла рәбби-л-аламин»

(«Ғаламды жаратушы Аллаға

мақтау») деген секілді сөздер өрнектелген.

әл-Кағбаның солтүстік-шығыс қабырғасында жер-

ден 2 метр биіктікте орналасқан есігі бар. Есік таза

алтынмен безендірілген, оның салмағы 286 кг.

Кисуәнің ең басты бөлігі – ситара (әл-Кағба есігінің

пердесі). Ситараның биіктігі алты жарым метр, ені үш

жарым метр, оған да Құран аяттары жазылған.

әл-Кағбаны көргенде оқылатын дұға

Алдымен

(«лә иллаһа илла- л-ла»)

- «Алла-

дан басқа құдай жоқ» деп үш рет һәләл айтылады. Одан

кейін

(«аллаһу әкбәр») –

«Алла – ең ұлы» деп үш

мәрте тәкбир айтылады. Содан соң:

Оқылуы:

Лә иллаһа илла-л-ла уәхдәһу лә шәриикә ләһу,

ләһу-л-мүлк уә ләһу-л-хәмд уә һууә ғала күлли

шейін қадиир. Ағұзу би-рәбби-л-бейти мин әл-күфри