Previous Page  116 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 382 Next Page
Page Background

118

Хикмет

баспа үйі

үзуге шешім қабылдап, осыған бел бу!»

(Ибн Маже, Зүһд,

15)

Мүмин оқыған намазының барлық қасиеті мен са-

уабын алуға ұмтылып, осы иләһи нығметті зая етуден

сақтануы керек. Өйткені Аллаһ Расулы (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) басқа бір хадисінде былай дейді:

«Бір құл намаз оқиды, бірақ намазының жарты-

сы, үштен бірі, төрттен бірі, бестен бірі, алтыдан

бірі, жетіден бірі, сегізден бірі, тоғыздан бірі, тіпті

тек қана оннан біреуі оған жазылады».

(Әбу Дәуіт, Салат,

123-124)

Қысқасы, үстімізге рахмет пен берекет көлеңкесін

түсіретін Рамазан арқылымынаны да білгеніміз жөн:

Рамазанда түскен Құран мүминдерге қияметке дейін

ұзақ Рамазан өмірін сүргізу үшін түсірілген. Рамазан

мен Құран - амал мен өмір тәрбиесі.

Аят кәримада былай делінеді:

«Рамазан айы сондай бір ай, сол айда адамдарға

ақ жол көрсететін, дұрыс пен бұрысты айыратын

дәлел түрінде Құран түсіріле бастады. Кім осы айда

үйінде болса, сөз жоқ, ораза ұстасын...».

(Бақара сүресі

185)

Аллаһ Тағала Құранның һидайят дәлелдері мен

хикмет өлшемдеріне толы нүрлы бір бағдаршысы

болғандығын айтқан соң осы мүбәрәк айға жеткен

адамның Құранның тәрбиесі бойынша ораза ұстауға

міндетті екендігін баяндауда.

Құранның тек қана дауысын есту және ақиқат

картасына көз жүгіртіп өту жеткілікті емес екендігін

ұмытпаған жөн. Оның бақилық, яғни ақырет өмірін