Previous Page  115 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

117

па, дұға етсін, оған денсаулық берейін. Мұндай жоқ

па, андай жоқ па?»

(Ибн Маже, Иқаматүс-салат, 191)

Демек, Аллаһ Тағала, осы түнде арнайы рахмет,

ихсан (жақсылық) мен дұғаны қабылдау есіктерін

таң атқанша ашық ұстайды.

Бәрат түнін намазбен, күнін оразамен өткізудің

мүминдерге ерекше құндылықтар беретіндігі Хазіре-

ті Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

тамациа уәдесі мен сүйіншісі. Осы түнді намаздар-

мен қатар Құран, зікір, тәсбих, салауат пен рухани

сүхбаттармен өткізуге тырысуымыз керек.

Бараат түнінен кейінгі күндер мен түндерге де

ерекше көңіл бөлу керек. Олар нүр қайнары болған

Рамазанның қасиетті шақырулары іспеттес. Рама-

зан қуанышымен көңіл тебіреністеріміз руханиятқа

бөленіп, жақсы істеріміз көбейіп, имани махаббаты-

мызбен Хақ Тағалаға сеніміміз артуы керек.

Әсіресе

намаздарымыз

жүрек

пен

тән

үйлесімділігімен және бір ынталы көңілмен орында-

луы керек. Өйткені намаз Раб пен құлдың қасиетті

кездесуі.

Бір адам Расулуллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) келіп:

«Уа, Расулаллаһ! Маған пайдалы әрі мағыналы бір

сөз үйрет»

-

дейді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) оған мыналарды айтты:

«Намазғатұрғанкезде дүниеменқоштасқанадам

сияқты бол! Кешірім сұрауды қажет ететін сөзді

айтпа! Адамдардың қолындағы дүниеден үмітіңді