Previous Page  238 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 238 / 382 Next Page
Page Background

240

Хикмет

баспа үйі

й

«Сен не екені белгісіз, бір рухсың, қасиеттері

толық мағынада білінбейтін бір жансың. Шек-

ті болған құндылықтар мен сипаттар әлеміне

қамалғансың. Сен бір күнсің, бір түйінге байланып

қалыпсың; саған нендей екініш!»

Бұл жолдарда Хазіреті Мәуләнә адамды бір руха-

ни күнге ұқсатады. Әлем де сол күннің сәулесімен

жарқыраған,

шағылысқан

зәррәлар

сияқты.

Сондықтан адамның Аллаһтан фәйіз алуды ойла-

май, дүниеде фәни құмарлықтардың соңында жүруі,

қуаныш іздеуі, бір қарағанда күннің зәррәдан қарыз

сұрағанын елестетеді. Күн қалайша зәррәға мұқтаж

болады?

Адам рухы да, Аллаһ Тағаланың Құран тілімен

айтқанда

«Құдіретімнен бір сыр үрледім»

(Сад сүресі 72;

Хижр сүресі 29)

деген Раб тарапынан үрленген нүр. Бірақ,

адамдардың көпшілігі рухтың ұлылығын, мәнін

түсінбей, оның ақиқатынан бейхабар өмір сүреді.

Олар өздеріне берілген ғазиз және қасиетті нығметті,

сол иләһи аманатты материалдық және фәни

құмарлықтарғапидаетіп,текқанатәнқұмарлығымен

өмір сүругеынтық.Ызаның, қүмарлықтың, атақтың,

тәни құмарлықтардың иіріміне түскен. Нәпсісі

қоректің, ермектің құмары болған. Бейне бір рухани-

ят күні, иләһи заңға бас иіп, «ұқде-и зәнб»-пен (күнә

жібіне) байланған, сәуле шаша алмайтын халге кел-

гендей. Бұл жағдайда әрбір құл:

Өз дәрежесін білуі керек! Аллаһтың берген шек-

сіз нығметтерінен, әсіресе «ахсәни тақуим» сыры-

нан хабардар болуы керек! Өткінші және ешқашан

қанағат таппайтын қүмарлықтарға тұтқын болмауы