246
Хикмет
баспа үйі
мақсатында кейін қайту үшін кеме іздеді, бірақ таба
алмады. Сосын шарасыз бір ағаш сынығын алып,
ішін ойды. Мың динарды иесіне жазылған бір хатпен
ойыққа орналастырды. Сосын ойықтың аузын жау-
ып, тегістеді. Сосын теңіздің жағасына келіп:
«Ей, Аллаһым, білесің ғой, мен пәленшеден мың
динар қарыз алған едім. Менен куәгер сұрағанда, мен:
«Куә болатынАллаһжетеді!» - деген едім. Ол да куәгер
ретінде Саған разы болды. Менен кепіл сұрағанда да:
«Кепіл ретінде Аллаһ жетеді!» деген едім. Ол да кепіл
ретінде Саған разы болды. Мен қазір кеме табуға ты-
рыстым, бірақ таба алмадым. Оны Саған аманат ете-
мін!» - деп ағашты теңізге лақтырды. Ағаш теңізде
жүзіп, көзден ғайып болды.
Сосын әлгі адам ол жерден кетіп, өзі қайтатын
кеме іздеп жүрді.
Осы кезде қарыз берген адам да ақшасын алып
келетін кемені күтуде еді. Кеме жоқ еді, бірақ,
ішіне ақшасы салынған ағашты көрді. Оны үйіне
отынғажағу үшін алып келді. (Арамен кескен кезде)
ақшасы мен хатты керді.
Аз уақыттан соң қарыз алған адам да бір кеме тау-
ып еліне келді. Ағашқа салынған ақшаны алушының
алмауы мүмкін деген оймен дереу мың динар алып,
әлгі адамға келіп:
«Ақшаңды алып келем деп үнемі кеме іздедім.
Бірақ, мен келген кемеден бұрын келетін кеме таба
алмадым,» - деді.
Алашақ адам:
«Сен маған бірдеме жіберіп пе едің?» - деп сұрады.