Хикмет
баспа үйі
249
қиыншылықтарға сабыр сақтап, жаман ниетке са-
лынбай, қарызын ықыласпен өтеуге тырысса, Аллаһ
оған осы ниетіне қарай бір жеңілдік әрі шығатын жол
көрсетеді.
Осы орайда қарамағында мал-мүлкі бар адам оны
сатпай, қарызын өтемесе жауапты болады. Яғни
қарызы бар адам қандай да бір шара таба алмаған
жағдайда өмірлік мәні жоқ мүмкіндігімен неме-
се мүлкін сатып, қарызын өтеуі керек. Бір адам әрі
қарызы бар, әрі өмірі керемет және ысырапшылықта
болып, қарызын өтемесе, бұл құл хақы мен жауап-
кершілігін қажет ететін жағдай. Қарызы бар адам
ақшасын жүмсағанда қысыңқырап, әсіресе, молы-
нан жүмсамай, қарызын өтегенге дейін тырнағынан
артылтып, алашақ адамның хақын орындауы керек.
Бұлай болмай мәселеге нәпсілік есептер араласса,
құл хақы пайда болады, бұл Аллаһ Тағала кешірмей-
тін бір жағдай. Яғни:
«Шүбәсіз, Аллаһ тәубені қабыл
алады...»
(Шура сүресі 25; Тәубе сүресі 104)
аят кәримәсі
меңзегеніндей кешірімнің иесі Аллаһ Тағала құл
хақын бұлкешірімнен тыс санайды. Екіншіжағынан,
қарызды кешіктірушінің азығына харам араласқан
деген сөз. Әсіресе, өтемеуге ниет етіп қарыздану -
үлкен ақырет пәлекеті. Мұндай қылмысты істеген-
дер Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Кімде-кім төлемеу ниетімен қарызға кірсе,
Аллаһтың қузырына ұры болып шығады»
(Ибн Мәже,
Садақат, 11/2410)
түрінде баяндаган қауіпке тап болады.
Екінші бір хадисте бұл мәселенің Аллаһ алдындағы
маңызын өте айқын түрде көрсетеді: