Previous Page  249 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 249 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

251

«Жолда бір еврейге жолықтым. Осы оқиғаны баян-

дадым. Таңданып: «Түйені сатып алып, сосын құнын

берді; сосын оны саған сыйлады ма?» - деді. Мен де:

«Иә» -дедім». (

ИбнХажер, Фәтхул-Бәри, 5/317)

Қысқасы, осы тамаша және керемет ахлақ

шеңберінде;

1. Қарызы бар адам қолында бар мал-мүлік пен

мүмкіндіктерін сатып, қарызын өтеуі керек.

2. Жағдайы болғандар қарызы бар адамға

көмектесуі керек.

3. Қарызы бар адам үшін истиғфар, дұға ету ке-

рек. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһ бір құлына нығмет беріп, оны ең та-

маша

түрде

тәмәмдап,

сосын

адамдардың

қажеттіліктерін оған тапсырар, ол да бұған маза-

сызданатын болса, қолындағы нығметті зая жібер-

ген деген сөз...».

(Мүнзири, әт-Тәрғиб, 4/170)

Бір күні Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

«Білесіңдер ме отырып қалған (банкрот болған)

адам кім?» - деп сұрады.

Сахабалар:

«Отырып қалған (банкрот болған) адам біздің ара-

мызда ақшасы жоқ және мал-мүлкі жоқ адам» деген-

де, Расулүллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) (сөзін)

былай жалғастырды:

«Үмметімнің банкрот болғаны - қиямет күні на-

маз, ораза және зекет сауабымен (осы сауаптар-