Previous Page  250 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 250 / 382 Next Page
Page Background

252

Хикмет

баспа үйі

мен қатар амал дәптеріне) мынаны балағаттады,

анаған зина жаласын жапты, мынаның малын жеді,

ананың қанын төкгі, мынаны ұрды (деп жазылған)

адам. Оның ізгі істерінің сауабынан (хақ иелеріне)

анаған-мынаған беріледі. Егер мойнындағы қарыз

өтелмес бұрын ғибадаты мен жақсылыктарының

сауабы бітсе, алашақ адамдардың күнәларынан

алынып, соның мойнына жүктеледі. Сосын (олардың

күнәларымен бірге) жәһаннамға тасталады».

(Мус-

лим, Бирр, 59; Ахмед бин, Ханбал, II, 303,324, 372)

Енді бір хадисте былай делінеді:

«Мойнында бір динар немесе бір дирһамдай

қарызбен өлген адамның қарызы оның ізгі істерінен

өтеледі. Ол жерде (махшарда) динарда, дирһамда

жоқ».

(Ибн Маже, Садақат, 12/2414)

Бұл жөнінен Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм), мойнында қарыздан бастап құл

хақы бар адамдардың осы дүниеде алашақ адамдар-

мен халалдасуын (кешірісуін) былай әмір етеді:

«Кімнің мойнында бауырына қарсы намыс не-

месе басқа бір нәрсе себепті хақ бар болса, динар

мен дирһамы жоқ қиямет пен есептесу күні келмей

түрып, осы жерде жүргенде кешіріссін. Әйтпесе ол

күні салих амалы болса, сол зұлымдығына қарай одан

алынады. Егер ізгі істері жоқ болса, жолдасының

күнәсінан алынып, оның мойнына жүктеледі».

(Бұхари, Мәзалим 10; Риқақ 48; Тирмизи, Қиямет 2)

Табиғи негізі жағынан бұл кешірісу алашақ

адамның хақы мен қүқығын орындау, қарызды

ақыретке қалдырмай, осы дүниеде өтеу деген сөз. Ха-