Previous Page  256 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 256 / 382 Next Page
Page Background

258

Хикмет

баспа үйі

қарыз беру қасиетіне тағы бір қасиет қосқандай, ке-

шірімділікпен қарауы керек.

Қарыз туралы әрі алашақтың, әрі берешектің

жағдайын қолдайтындай түрде ойлау керек. Өйткені,

алашақ адамның хақының қорғалуы осы ізгі істің

жалғасуын қамтамасыз ететін ең маңызды себебі.

Керісінше жағдайда қоғамда қарыз беру қасиетінің

жалғасуы мүмкін болмайды.

Алашақтың жағдайының қорғалуы турасында

мына хадис ете ғибратты:

«Бір күні адам Расулуллаһқа (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) келіп, одан алашағын талап етті. Мұны

сұраған кезде, сыпайылыққа жатпайтын кей-

бір дөрекі, жағымсыз сөздер айтты. Адамның

Расулуллаһқа осындай қүрметсіз ісі үшін сахабалар

адамға шамасын білдірмек болды. Бірақ, Расулүллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) рұқсат етпей:

«Қойыңдар! Өйткені, алашақ адам қарызын

алғанша, қарыз алған адамға сөз айтуға құқылы.»-

деді».

(Бұхари, Истиқраз, 7; Муслим, Мусақат, 118-122/1600-1601)

Бұл оқиғаның басқа бір мысалын Әбу Сайд әл-Ху-

дри (радиаллаһу анһу) былай баяндайды:

«Бір бәдәуи Расулуллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) келіп, Пайғамбарымыздан алашағын сұрады

және сұрап тұрғанда қатты кетті. Тіпті:

«Қарызымды қайтарғанша сені мазалай берем»-

деді. Сахабалар бәдәуиді кінәлап:

«Саған нендей өкініш! Сен, бәлкім, кіммен

сөйлескеніңді білмейтін сияқтысың!» - деді. Ол адам:

«Мен хақымды талап етемін,» - деді.