260
Хикмет
баспа үйі
«Сендер неге хақ иесі жағына шықпайсыңдар?»
- деп ескертуі расында, көзге жас алдыратын және
көңілге қаншама парасаттылық дәнін салатын
адам құқықтарының сабағы. Бәлкім, өзінен кей-
інгілерге төнетін ең үлкен қауып-қатердің біреуі
болатындықтан Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу
апейһи уәсәлләм) үмбетіне енеге көрсетуі хикметіне
байланысты бұл мәселеде керсеткен мысалдар өте
көп:
Яһуди ғалымы Зәйд ибн Саане Хазіреті
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ерек-
шеліктерімен байланысты Тәуратта жазылған
мәліметтердің Расулуллаһта (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) бар-жоғын қарастырып жүрді. Бір күні Хазі-
реті Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ха-
зіреті Әлиді (радиаллаһу анһу) ертіп, үйінен шығып
бара жатқанын көріп, артынан жүрді. Сол кезде
бәдәуи киімі бар бір адам Расулуллаһқа жақындап:
«Уа, Расулаллаһ! Мен пәлен тайпаның халқына,
егер мұсылмандықты қабылдаса, оларға Аллаһ
Тағаланың мол рыздық беретіндігін айтқан едім.
Олар мұсылман болды. Бірақ, өкінішке орай, тай-
паларында құрғақшылық пайда болды. Адамдар
өте ауыр жағдайда қалды. Дүниеліктен үміттеніп,
мұсылман болған бұл адамдар үміттенгендерін көре
алмаған соң, қайтадан бұрынғы діндеріне қайтады
деп қорқамын. Егер оларға жәрдем ету үшін бірдеме
жібергің келсе, мен алып барайын» - деді.
Осы сөздерді естіген Зәйд ибн Саане Хазіреті
Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сынау
үшін лайықтымүмкіндікті пайдалануды ойлап, сөзге
араласты: