Хикмет
баспа үйі
263
Зәйдтің мұсылман болғандығына қуанған Хазіреті
Омар (радиаллаһу анһу) оған былай деді:
«Мал-мүлкіңді барлық мұсылмандарға жеткізе
алмассың. Кейбіреулеріне бердім де» - деді.
Зәйд:
«Рас айтасың, мал-мүлкімнің жартысын кейбір
мұсылмандарға бердім» - деп сөзін дұрыстады.
(Хаким,
Мүстәдрәк, III, 700/6547)
Бұл хадистер қарыз алған адамның Аллаһ үшін
көрсеткен көңіл сезімі мен алашақ адамның хақысын
жіті көздеудің нәтижесінде көрініс тапқан иләһи бе-
рекет пен жақсылықтардың пайғамбарлық мысалы.
Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
кейбір кездерде қарыз алуының бір хикметі - алашақ
адамға деген бір ізгі әрекет көрсетіп, үмбетіне бұл ту-
расында үлгі болу.
Осы мысалдардың барлығынан да түсінікті
болғанындай, қарыз алып-беру мәселесі өте нәзік
бір мәселе. Сол үшін орталарында осындай қатынас
болған адамдардың істеген осы ғибадаттарындағы
фәйіз бен берекеттен мақрұм болмауы үшін кейбір
қағидаларға абай болуы шарт.
Өкінішке орай, қазіргі кезде қарыз беру сияқты
абзал ғибадаттың барған сайын азаюы, бейне бір
қарыз берген адам үшін бір зиян немесе зарар
сияқты көрінуі және көптеген адамдардың осы
қайырлы ғибадатқа жанаспауы - жоғарыда айтылған
қағидаларды ұстанбаудан туындауда. Яғни сауда-
саттықта қауіпсіздіктің жойылуы, етірік пен уәдеде
тұрмаудың жайылуы, және уәде етілген уақытта