Хикмет
баспа үйі
267
Оның да жеке бір ізгі қарыз қоры бар болатын.
Одан қажет болғандарға беретін. Қайтара алмай-
тын жағдайдағылардың қарызын садақаға санап,
қайтарылған дүниені де басқаға жұмсамай, сол
мақсатқа қолданатын және Аллаһ үшін берген осы
ізгі қарызды осылайша айналдыратын. Осындай са-
лих амалдар Ислам ахлақына тән ізгі істердің ерекше
көріністерінің бірі.
Қарыз беруші үшін осындай құнды бір қасиет
болғанындай, алушы үшін де қүпталған бір жәйт.
Керісінше жағдайда, яғни қарыз алмаған жағдайда
мұқтаж адам өте қатты бір қиыншылыққа тап бол-
са онда оның теріс жолдарға немесе күнәға түсу
ықтималы артады. Сондай-ақ өте қиналғандықтан
қазіргі кезде қоғамымызда қаламаса да пайыз сияқты
қателіктерге тап болған мұқтаждар аз емес. Міне,
осындай адамдардың теріс жолға және күнәға бет
бүрмай, қарыз табу жолын таңдауларына тарту есебі-
не Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай
дейді:
«Қарыз Аллаһ разы болмайтын бір нәрсеге байла-
нысты болмаса, Аллаһ Тағала қарызын өтегенге дей-
ін қарыз алушымен бірге».
(Ибн Мәже, Садақат, 10)
Қорыта айтсақ, Ислами ізгіліктердегідей қазіргі
кезде барлық ерекшеліктеріне абай бола отырып,
қарыз беру ғибадатын да жалғастыруға міндеттіміз.
Осы Ислами ізгіліктің қарқынды түрде жалғасуы
үшін де, оның шарттары мен қағидаларын терең
түсініп, қолдану шарт. Ертең мәңгілік мекенге
көшкенімізде осы ізгі қасиетті қолдану үшін байдың
қолында не бір мүмкіндік, не мұқтаждың қолында