Previous Page  271 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 271 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

273

«Ей, Әбу Бәкір! Сені науқас деп еді»

- деді.

Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) ғашықтық пен сүйіспеншілікте бәрінен

артық нәсіпке ие болған Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу)

Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) зия-

ратына масаттанып, былай деп жауап қайтарды:

«Уа, Расулаллаһ! Досым науқастанды, оны уай-

ымдап, мен де науқастандым! Ол сауықты, мен де

сауықтым!»

Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһу) осы және осы

сияқты достық пен сүйіспеншілік көріністері, оны

ҚұранКәримдеайтылған«екеудіңекіншісі»болуабы-

ройынабөлеген.СолүшінбарлықмәселеАллаһТағала

разы болып, бізді бағыттаган көңіл байланыстарын

ең шынайы достық байланыстарымен күшейту және

де осылайша иләһи сүйіспеншіліктің қуанышынан

нәсіп ала білу. Өйткені, осындай достықтар ғана, шы-

найы түрде махаббат пен сүйіспеншіліктен несібе ала

алады.

Имам Әли әр-Риза қандай тамаша айтқан:

«Аллаһ Тағаланың достарына ұсынған бір рухани

шәрбәт бар, олар осы шәрбәтті ішкен кезде естері-

нен танады, естерінен танған соң шабыттанады,

шабыттанған кезде тап-таза болады, тап-таза

болған соң еріп кетеді, ерісе ықыласқа бөленеді,

ықыласқа бөленген соң иләһи қауышуға жетеді,

жеткен соң достарын қауышады, қауышқан соң

сүйгендері мен араларында жырақтық қалмайды».

Бұл достықтағы фәна жағдайы. Осы халді басынан

өткізген Хазіреті Әбу Бәкірге науқастығы, досының

жағдайын беліскені үшін саулықтан да артық