278
Хикмет
баспа үйі
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жан-
тәнімен беріліп, иман иелерімен өмір сүрген адам
қандай бақытты. Достықтағы осы сырдан мақрұм
болған көңілдерге Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Бұл дүниедегі фәни және жалған достар, жа-
санды сүйіктілер, ақырында бәрі де саған дүшпан
болатындығын жақсы біл. Барлығы бас кесер
дұшпанға айналады».
«Алайда сен өкінішпен мазарда: «Уа, Раббым, мені
жалғыз тастама!» - деп, Аллаһқа жалбарынасың».
Көзқарастардың рухани денгей табуы әлем
парақтарындағы сырлар мен хикметтерді толық
мағынасында түсіне білу тек көңіл әлемінде ғана
тереңдеп, шынайы дос бола білген иләһи ғашықтық пен
ынтықтық қаһармандарының қолынан келетін іс.
Ибраһим (алейһиссәләм) «халил», яғни дос
болғаны үшін өте ауыр жағдайда болса да, достықтың
шарты ретінде үлкен бір бағыныштылық пен тәуекел
ішінде еді, көңілінде азғантай да болса еш қорқыныш
пен үрей жоқ еді. Отқа тасталатын кезінде оган
көмектесуге ұсыныс жасаған періштелерге:
«Дос пен достың арасына кірмеңдер! Раббым нені
қаласа, мен соған разымын, қүтқаратын болса - сыйы,
жағатын болса -кемшілігім. Иншаллаһ сабыр етуде-
мін...» - деп жауап берген соң сөзін жалғап:
«Ол, жағдайымды біледі! Сосын айтыңдаршы, от
кімнің әмірімен жанады, оны жағу кімнің ісі?» деп
сұрады.
Ақыры, ол ұлы достан, яғни Аллаһтан келген
әмірмен от Ибраһимға (алейһиссәләм) салқын әрі