Previous Page  280 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 280 / 382 Next Page
Page Background

282

Хикмет

баспа үйі

«Сен мені қалай сүйесің, кезіңақшаға қа-

рап, мені көрмей қалды. Мені менен басқаға

айырбастағандардардың жазасы не екенін білесің бе?

Басың кесіледі!» - деп, жасанды ғашықтығы үшін

оны өзінен алыстатады.

Бұл жағдайды естіген бір ариф жығылып, есінен

танды. Есін жиған кезде былай деді:

«Ей, Адамдар! Қараңдар, дүниеде жасанды

сүйіспеншіліктердің басына не түседі? Ал, Хақты

сүйгендігін айтып, содан басқасына бет бұрғандардың

басына ақыретте не келмейді!»

Махаббаттың күштілігі қажет болған жағдайда

сүйгені үшін жасалған жанқиярлық пен қауіпке бас

тігумен өлшенеді. Қатты сүйген адам қажет болса,

досы үшін жанын береді де, жанқиярлық жасадым

деген сезімде болмайды. Ғашықтық пен достықты

танымай, махаббат пен достықтан нәсіпсіз адам

кемелдікке жету жолына түспеген нәпсімен өмір

сүреді деген сөз. Өйткені, сүюді білмейтіндердің

жүрегі құнарсыз топырақ сияқты. Істің негізі сүюде.

Өйткені, жаратылыстың негізі махаббат. Сондай-ақ

хадис қүдси түрінде айтылған мәшһүр риуаят бойын-

ша Аллаһ Тағала былай дейді:

«Мен жасырын бір казына едім, танылуымды

қалап (сүйіп) жаратылысты жараттым».

(Ажлуни,

Кәшфул-Хафа, II, 132; Бурсәуи, Кәнзи-Махфи)

Бұл хадис бойынша иләһи сырлардың керінісі

де достық пен махаббатқа тән бір жағдай. Сол үшін

Хақпен дос болуға қол жеткізгендер достықтың бей-

несін тек адамда ғана емес, дүниеге тіршілік түрінде