Previous Page  282 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 282 / 382 Next Page
Page Background

284

Хикмет

баспа үйі

сезімдерін қайрайды. Раббыға дос болудың нұрлы

әрі берекетті ортасы пайда болады. Өйткені, табиғат

пен жаратылыстағы мыңдаған өрнек сол достардың

досы ұлы Досқа, яғни, барлық сұлулықтардың

Жаратушысына жетуге арналған бір баспалдақ.

Осы баспалдақпен шыққандар Рабтың сұхбатына

көтеріледі. Енді бұл мәртебедегі мүмин әржерде Оны-

мен бірге. Жүзінде үнемі осы бірге болудың иләһи

нұры жарқырайды.

Міне, осындай нұрлы әрі бақытты тұлғалар,

үмбет пен әлемге материалдық-рухани рахмет пен

берекеттің көзі болады.

Мәлик бин Абдулазиз халифалық мәртебесіне

өткен кезде, таудағы шопандар:

«Адамдардың басқаруын бір салих адам мойнына

алды» - десті. Олардан:

«Мұны қайдан білдіңдер?» - деп сұралды.

Олар:

«Жануарлардың өзі тыныштық пен шаттықта» -

деді.

Мұхаммед бин Уйәйнә (рахмерұллаһи алйһи) да

былай дейді:

«Омар бин Абдулазиз хапифа кезінде Кирман-

да қой бағатын едім. Халифаның руханияты мен

әділдігі үшін маған қойлар мен қасқырлар бірге

жүретін сияқты көрінетін. Бір түні күтпеген жер-

ден қасқырлардың қойға шапқанын көрдім. Таң

қалдым. Бейне бір дүние, барлық тыныштығы мен

шаттығынан айырылғандай еді. Ішімнен: