Previous Page  279 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 279 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

281

сп

Керісінше, екі дүниеде де иелеріне зиян үстіне зиян

әкеледі. Сол үшін лайықты адамдармен дос бола білу

сияқты осы достықты сақтай білу де шарт.

Осы мағына шеңберінде жүректегі сүйіспеншілік

барлық жаратылысты қамтитын мәнде болса, иесін

кәміл бір мүмин, басқаша айтқанда шынайы ғашық,

яғни Хақ досы етеді. Ғашықтық бүршік жарған гүл

сияқты белгілі бір фәни сүйіспеншіліктермен және

ынтықтықпен басталған болса да, Жаратушысынан

себеп, барлық жаратылғандарды қамтитындай бір

дәрежеге жеткен сәтте иләһи ғашықтық болуға бет

бұрады.

Бірақ, күнәнің кедергісінен өте алмай қалғандар

бұл халге жете алмайды. Өйткені, құл тек мәсиуә

(Аллаһтан басқаларының) кедергісінен қүтылған

кезде ғана махаббат пен достықтың ләззатын сезіне

алады. Өйтпеген жағдайда бұл мүмкін емес. Сондай-

ақ Нақшибәнд Хазіреті осындай кедергілерден өте

алмағандарға мысал ретінде мынадай бір хикая риу-

аят етеді:

«Бір жігіт патшаның қызының есігінің алдына ке-

ліп, оған ғашық екендігін айтады. Хабар патшаның

қызына жеткен кезде, ханшайым есікке келіп, жігіт-

ке:

«Мына мың дирһамды ал, ендігәрі маған да, саған

да зиянын тигізетін мұндай нәрсе айтпа!» - дейді. Жі-

гіт бас тартпаған соң: «Олай болса, екі мың дирһам

ал!» - деп ұсыныс жасады.

Ақыры, саудапасып, он мың дирһамға жеткен кез-

де жігіт келісті. Бұл жағдайды көрген патша қызы: