274
Хикмет
баспа үйі
рахаттыққа дәнекер болған еді. Өйткені, достарымен
бірге болғанда ең ащыжемістер де тәтті болады. Хазі-
реті Мәуләнәның сезімен айтсақ:
«Достарымен бірге отырған адам пештегі
алаудың ішінде болса да гүл бағыңца отырғандай се-
зінеді».
«Ей, достар! Егер түрден, бейнеден өтіп, рух
әлеміне кірсеңдер, ол жердіңжәннәтпен гүл бағының
ішінде одан да тамаша бір гүлстан болғандығын
көресіз».
Достық, жағымды немесе жағымсыз қасиеттердегі
ортақтықтардан туындайды. Шынайы достық бол-
са тек шынайы рухтарда өмір сүреді. Бұл сипатқа
адам түлғасының ең жоғарғы сатысында жолығады.
Достық әр жағдайда екі адамның бірдей сезімге ие бо-
луынан туады. Нағыз достық - екі көңіл арасындағы
байланыс желісі. Осы желімен яғни махаббат
ағымының нәтижесінде сүйілген адамның әрбір халі
сүйген адамға жетеді. Көңілдегі сүйіспеншілік дари-
ялары буырқанып, ынтықтықтың күні алаулана ба-
стайды.
Сондай-ақ Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ)
Сәлжүклі медресесінде аға ұстаз болып жүрген
кезінде, көңілі сүйіспеншілікке толы Шәмс де-
ген бір дәруиштің назарымен тұтанып, жануының
нәтижесінде парақтардағы кітаптар мәнінжоғалтып,
әлем бір кітап халіне келген. Артынан адам, әлем
және Құрандағы сырларды түсіндіретін бір үндеу
болған Мәснәуи жарыққа шыққан. Міне, осы халге
беленіп, Хақ досы болу тек мүминнің ғана бойындағы
ғашықтық қабілетін иләһи ризаға бағыттағандығына
қарай болады.