Previous Page  270 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 270 / 382 Next Page
Page Background

272

Хикмет

баспа үйі

Äîñòû¢

Риуаят бойынша бір күні Хазіреті Пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) науқастанып

қалады. Мұны естіген пайғамбар ғашығы Әбу Бәкір

(радиаллаһу анһу) дереу мүбәрәк көңілін сүрау үшін

Хазіреті Пайғамбарды (саллаллаһу алейһи уәсәләм)

зиярат етуге барады. Бірақ, ол әлемдердің мырзасын

мазасыз күйін көріп, қатты уайымдап, шыдамай үйге

қайтып келіп, жатып қалды.

Бірнеше күннен соң денсаулығы жақсарған

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әбу

Бәкірдің (радиаллаһу анһу) науқастанғандығын

естіп, көңілін сұрауға барды. Хазіреті Әбу Бәкірге:

«Расулүллаһ сенің көңіліңді сұрауға келе жатыр!»

- десті.

Ол пайғамбар ғашығы дереу төсегінен атып тұрып,

үлкен сергектік көрсетіп, шексіз қуанышпен есікке

қарай жүгірді. Науқасынан айыққан еді. Әлемдердің

мырзасын есікалдынан қарсы алып, ішке кіргізді.

Оны осынша сергек және ширақтығын, көңілді күйін

көрген Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

таңданып: