Previous Page  264 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 264 / 382 Next Page
Page Background

266

Хикмет

баспа үйі

Сүлеймен:

«Жақсы, ризашылықпен!» - деп, отбасына бет

бұрып:

«Ей, Үмму Утба! Ана қасыңдағы мөрлі қалта

әкелші!» - деп дауыстады. Әйел қалтаны алып келді.

Сүлеймен Алқамаға:

«Уаллаһи, міне, сен қайтарған дирһамдар! Мен

оның бір дирһамын да орнынан қозғағам жоқ!»-деді.

Сонда Алқама:

«Аллаһәкеңеразыболсын!Олайболса,алашағыңды

алу үшін маған көрсеткен дөрекі қимылыңның себебі

не еді?»-деді. Сүлеймен: «-Сенен естіген хадистер!» -

деп жауап берді. Алқама таңданып:

«Менен не естіген едің?» - деп сұрағанда, Сүлеймен

былай деді:

«Сен

Ибн

Мәсғудтан

(радиаллаһу

анһу)

Расулуллаһтың былай дегендігін жеткізген едің:

«Бір мұсылманға бір нәрсені екі рет қарыз ретінде

берген қандай бір мұсылманға, оның бұл қимылы (ізгі

қарыз сауабына қосымша), ол нәрсені бір рет садақа

еткендей сауап жазылады!»

Сонда Алқама:

«Иә, Ибн Мәсғуд (радиаллаһу анһу) маған осы-

лай хабар берген еді!» - деп оны мақұлдады.

(Ибн Маже,

Садақат, 19) 2430)

Міне, бұл тамаша ахлақты Ислам ұлыларының

халін бойына сіңірген құрметті әкем Мұса мыр-

за (құддисә сирруһ) сыпайы түрде іске асыратын.