Хикмет
баспа үйі
261
«Уа, Мұхаммед! Егер ол адамдарға кемектесуді
ойласаң, келісім жасап, саған қарыз бере аламын,»-
деді.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
да одан сексен динар қарыз алып, көмекті алып ба-
руы үшін сол сахабаға беріп:
«Оларға тезірек бар, көмекке жет!» деді.
Тағы бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) қасына Хазіреті Әбу Бәкір, Хазіреті Омар
мен басқа да сахабаларды ертіп, Бақи қабірстанына
бір жаназаны алып бара жатты. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаназа нама-
зын оқытқан соң, Зәйд оған жақындап, мүбәрәк
иығындағы шапанын бар шамасымен тартты. Оның
неге былай істегендігін түсіне қоймаған Аллаһ Расу-
лы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) біресе жерге түскен
шапанға, біресе Зәйдтің суық түріне таңдана қарап
тұрғанда, Зәйд бажылдап, сөйлей бастады:
«Ей, Мұхаммед! Қарызыңды қайтармайсың ба?
Сендер, Абдулмұтталибтің ұлдары, онсызда қарызды
үнемі кешіктіресіңцер!» - деді.
Алайда, Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) Зәйдтен алған қарыздың уақыты келмеген
еді.
Оқиғаны баяндаған Зәйд былай дейді:
Осы кезде бұрылып, Омарға қарадым. Кеудесінің
көрік сияқты кіріп-шыққанын көргенде, жүрегім ау-
зыма келді. Омар бетіме суық қарап:
«Ей, Аллаһтың дұшпаны! Сен бұл сөзді
Расулуллаһқа айтып тұрсың, солай ма? Оған әрі