262
Хикмет
баспа үйі
құрметсіз қимыл танытып, әрі әдепсіз сөйлейсің,
ә! Оны пайғамбар етіп жібергенге ант етемін, егер
Расулүллаһ саған берешек болмағанда, басыңды алар
еді!» - деп айқайлады.
Өзінің қасында бір яхудидің Аллаһ Расулына
қатты сөйлегеніне шыдай алмаған Хазіреті Омар
(радиаллаһу анһу) ашуға булықса, Пайғамбарымыз
оған күлімсіреп қарап:
«Тыныштал, Омар! Осы сәтте әрі мен, әрі мына
адам сенен басқа бір қимыл күтудеміз. Сен маған
қарызды тамаша түрде өтеуімді, оған да алашағын
лайықты бір тілмен сурауына ақыл-кеңес беруің ке-
рек еді. Кдрыздың уақытының толуына әрі үш күн
бар, бірақ, қане, сен түр, оған қарызымызды қайтар.
Оны қррқытқаның үшін оған біраз артығырақ бер/»-
деді.
Зәйд, алашағын артығымен апған соң Хазіреті
Омарға мынаны мойындағандығын айтты:
«-Ей Омар! Қара! Расулуллаһтың жүзіне әр қара-
ған сайын, пайғамбарлық белгілерінің барлығын
одан көрдім. Бірақ, Онда болуы қажетті екі қасиетке
ие ма, жоқ па, бүгінге дейін түсіне алмаған едім.
Оған қарсы дөрекі қатынасқандарды кешіре
ме екен? Өзіне жасалған дөрекілік артқан сайын
жүмсақтығы арта ма екен? Міне, бүгін оны сына-
дым, әрі оның күтілген пайғамбар екендігін түсіндім.
Аллаһты Раб, Исламды дін, Мұхаммедті (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) пайғамбар етіп қабылдағандығыма
мал-мүлкімніңжартысынМұхаммедүмметіме садақа
етіп бергендігіме куә бол!»